Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатына басымдық беретінін айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
"Қазақстан барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығын қолдайды, сондай-ақ, БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау қажет деп санайды.
Бұл еліміздің негізгі мүдделеріне толық сәйкес келетін қажетті қағида. Сондықтан біз осы қағидаға басымдық береміз", — деді Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде.