Қазақстан барлық мүдделі елдерге "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізін құру бойынша халықаралық шарт жасасуды ұсынады - ҚР көлік және коммуникация министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан барлық мүдделі елдерге "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізін құру бойынша халықаралық шарт жасасуды ұсынады - ҚР көлік және коммуникация министрі

Қазақстан барлық мүдделі елдерге "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізін құру бойынша халықаралық шарт жасасуды ұсынады - ҚР көлік және коммуникация министрі

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан барлық мүдделі елдерге "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізін құру бойынша халықаралық шарт жасасуды ұсынады. Бұл туралы бүгін VII "Трансевразия - 2008" халықаралық конференциясы барысында ҚР көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансконтиненталдық автожол дәлізінің халықаралық мәртебесі туралы мәселе күн тәртібінде тұр. Ол Ұлы Жібек жолын қайта тірілту идеясының жүзеге асуы болмақ», — деді С. Ахметов.

Ол Қазақстанның өзіне қарасты жоба бөлігін былтыр жүзеге асыра бастағанын еске салды.

«Осыған байланысты біз мүдделі жақтарға көлік дәлізін құру бойынша халықаралық шарт жасасуды ұсынамыз «, — деді министр.

«Әрине, біз үшін осы мәселе бойынша Қытай мен Ресейдің ұстанымы маңызды, ал жуырда ғана Қазақстан мен Ресейдің шекаралық өңірлері басшыларының форумында мемлекет басшыларының қатысуымен Ресейдің транспорт министрі екеуіміз осы дәлізді құру бойынша өзара жұмыстар жөніндегі келісімге қол қойдық», -деді ол.

С. Ахметовтың айтуынша, бұл мәселені Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің көлік министрлерінің кеңесінде ағымдағы жылдың қараша айында қфтай жағымен талқылау көзделуде.

Қазақстан жағының жоба бөлігін «тек бюджет қаржысының ғана емес, сонымен бірге жеке капитал мен халықаралық қаржы институттарының несиесін белсенді тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Жобаны қаржыландыруға әзірлік танытқан халықаралық банктермен келіссөздер жүргізілген және олармен арадағы келісімге биыл қол қойылмақшы»,- деді ол.

Жобаның жалпы құны шамамен $7 млрд тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар