«Қазақстан Барысы» билік партиясымен ынтымақтастық орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Барысы» билік партиясымен ынтымақтастық орнатты

«Қазақстан Барысы» билік партиясымен ынтымақтастық орнатты

«Қазақстан барысының» беделі күн санап артып келеді. Бүгін қазақ күресін дамыту қоры тағы бір серіктес-«Нұр Отан» партиясымен меморандумға қол қойды.

  • 6 Қараша 2012
  • 294
Фото - Caravan.kz

Құжат аясында іріктеу турнирлерін өткізудің кезеңдері бекітіледі. Келісім бойынша екі тараптан қаржы тартылмақ. Бір айта кетерлігі, биыл екінші мәрте өткізілген бұл ұлттық спорт түріне шетелдіктер де қызығушылық танытқан. Алдағы уақытта серіктестер қатары көбеюі де ғажап емес. Қазақ күресіне жастардың қызығушылығын арттыру үшін тараптар келесі жылы өткізілетін чемпионатқа зілтемірші Илья Ильинді шақырып отыр. 18 жыл өмірін спортқа арнаған Ильяның өзі де төрешілердің қаһарына сан мәрте ұшыраған екен. Бұл жолы қазақ күресіне қатысқандарға әділ бағасын беруге тырыспақ.


Илья Ильин, Олимпиада чемпионы:

Белдесудің қалай өткенін қарап, соған қарай әділ төрелігімді жасаймын деп ойлаймын. Бүкіл талапқа сай болуын қадағалаймын. Оған дейін дайындаламын.

Соңғы жаңалықтар