Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев мәлім етті.
«Турнирге іріктеу кезеңінде «Нұр Отан» партиясы бізге жақсы көмектесуде. Партия өкілдерінің аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі қадағалауы арқасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей келеміз. Әрине, сыбайлас жемқорлықты жүз пайыз жеңу мүмкін емес, алайда бұған жол бермеудің шараларын барынша атқарып жатырмыз», — деді Шораев.
Оның сөзіне қарағанда, былтырғы тәжірибеде балуандар мен көрермендердің тарапынан жақсы пікірге ие болған төрешілер бір жыл бойы өткен жарыстарда іріктелінді.
«Кейін біз жеребе тарту әдісімен осы 20 адамның арасынан алтауын іріктейміз. Яғни олар доданың басталуына тек бір тәулік қалғанда ғана төреші болатындығын біледі. Біз әрбір төрешіден кепілзат ретінде 200 мың теңгеден алдық және олардың жұмысы аяқталғаннан кейін келізаттарын қайтарып бердік, сондай-ақ бір күндік жұмыс үшін әр төрешіге 900 мың теңгеден төледік. Бұл аз ақша емес, сонымен қатар бұл сома олардың түрлі азғыртуларға көбейтіндігінің кепілі. Биыл да осы жүйе қолданылады»,- деді федерация басшысы.