В.Товштейннің айтуынша, мәтіні қазір келісіліп жатқан қаулы жобасына сәйкес, ҚР Ұлттық банкінің Банкноттар фабрикасына қатаң есеп беру құжаттарын басып шығаруға монополиялық құқық берілмекші. Тізімге енгізілген 39 құжаттың арасында салықтан есеп беру бланктары, білім игергені және ғылыми атақ берілгені туралы құжаттар, әскери билеттер, құнды қағаздар, көлік компанияларының жолаушы билеттері т.б. құжаттар бар.
«Бұл қаулы қабылданған жағдайда аталмыш рынокта жұмыс істейтін 6 баспа үйі кірісінің 60-100 процентінен қағылады»,- деді В.Товштейн. Ал рынокты шектеуден келетін шығын көлемі бұдан да зор болмақ. Мәселен, егер бүгінде қатаң есеп құжаттарын басып шығару рыногының жалпы құны жылына 40 млн. долларды құрайтын болса, 2006-жылы осындай өнімдерге тапсырыс берушілер өздеріне қажетті құжаттар үшін үш есе артық төлейтін болады, дейді кәсіпорын басшысы.
В.Товштейннің пайымдауынша, рыноктағы бағаның бұлайша шұғыл қымбаттауы Банкнот фабрикасымен нақты бәсекелесе алатын кәсіпорынның жоқтығына, жаңа өндіріс үшін техникалар сатып алу қажеттігіне, сондай-ақ, бұл кәсіпорындағы жалпы қымбатшылыққа байланысты болмақ. «ҚР Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы байқауларға қатысқан кезде темір жол билеттерін дайындауға ең жоғары баға — 2 млрд. теңге ұсынылды, ал басқа кәсіпорындардың бағасы 300-350 млн. теңгеде төңірегінде болды»,- деді В.Товштейн.