Қазақстан басшылығы Еуропарламенттің Қазақстандағы өзгерістерге мейлінше обьективті қарайтынына сенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан басшылығы Еуропарламенттің Қазақстандағы өзгерістерге мейлінше обьективті қарайтынына  сенеді

Қазақстан басшылығы Еуропарламенттің Қазақстандағы өзгерістерге мейлінше обьективті қарайтынына сенеді

"Еуропарламент тарапынан Қазақстандағы саяси-экономикалық өзгерістерге мейлінше обьективті әрі тепе-тең көзқарас ұсталады дегенге біз сенеміз". Бұл туралы ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Рахат Әлиев Брюссельде Еуропарламент отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қараша 2005
  • 882
Фото - Caravan.kz

Р.Әлиевтың айтуынша, Еуропарламентте таныстырылған Қазақстан туралы резолюцияда елдегі демократиялық реформалардың басты бағыттары мүлдем елеусіз қалған. «Бұл жерде Қазақстандағы радикалдық оппозицияның пікіріне артықша құлақ түру мен Қазақстандағы барлық пікір алуандығын обьективті ескермеу, жалпы обьективтіліктің жоқтығы байқалады»,- деді вице-министр.

Р.Әлиев әсіресе былай деп атап өтті :»Қазақстан кейбір нақты қылмыстық істер бойынша сотталған адамдарға саяси азапкер деген атақ жапсыруға мүлдем қарсы». «Мүмкіндікті пайдалана отырып, 2-қарашада АР 162/10 мекен-абақтының әкімшілік комиссиясы Ғ.Жақияновтың ісін мерзімінен бұрын шартты босату үшін Екібастұз қалалық сотына жолдағанын хабарлаймын. 7-қарашада Еуропадаы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы орталығында Жақияновтың қатысуымен отырыс өтті»,- деді Р.Әлиев. Сонымен бірге сыртқы істер министрінің орынбасары бірқатар қылмыстық істер бойынша Қазақстанда сырттай сотталған Ә.Қажыгелдиннің ресми түрде республиканың сот органдарына өзіне қатысты істі қайтадан қарау туралы өтініш білдірмегенін құлағдар етті.
«Қазақстанның кез-келген азаматының қоғамдық тәртіпті бұзуға және рұқсатсыз митингілер мен басқа да шаралар өткізуге бағытталған заңсыз әрекеттеріне құқық қорғау мекемелері тарапынан қойылатын тосқауылды бостандық негіздерін бұзуға жасалған әрекеттер ретінде бағалануға тиіс емес»,- деп мәлімдеді вице-министр. «Менің пайымдауымша, сіздердің араларыңыздан бірде-бір адам дәл қазір Францияда болып жатқан оқиғаларды ұлт-азаттық қозғалысы деп бағаламайды. Сонымен бірге Францияның күш құрылымдары тарапынан алынып жатқан қарсы шараларды сөз бостандығы мен бірлестіктер құру еркіндігін жартылай тұншықтыру деп бағаламайтыны анық»,- деді Р.Әлиев Еуропарламент депутаттарына арнаған өз сөзінде.
«Өкінішке орай резолюция жобасындағы Қазақстандағы билік тарапынан саяси себептермен бейресми ұйымдарды қудалауға, «Алға ДВК» партиясы мен «Нағыз Ақжол» партиясын, сондай-ақ, жастардың «ҚаҺар» қозғалысын тіркеуден бас тарту себептеріне байланысты тұстары күмәнді әрі саяси негіздемесіз ақпараттарға негізделген»,- деп пайымдайды Р.Әлиев.
Вице-министр Еуропарламент депутаттарына Қазақстандағы демократиялық бағыттағы саяси реформалар жайында хабардар етті. Осы орайда ол Қазақстанның тұрақты экономикалық өсім саяси жүйені демократияландыруды айқындайтын эволюциялық жолмен біртіндеп либерализациялану жолын ұстанатынын атап өтті. «Кедейлік қамытын киген демократия болмайды. Кейбір ТМД елдерінің мысалы айқын көрсетіп бергеніндей, қуатты экономика мен жоғары деңгейде дамыған әлеуметтік қауіпсіздік жүйесі жоқ жерде жалған популистік үндеулер мен демократияны алға тартқан жаттанды мәлімдемелер биліктің дағдарысы мен қоғамдағы күшті қарсылыққа алып келетінін паш етті»,- деді Р.Әлиев.
Сөз соңында сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасау ниеті елімізді саяси және экономикалық тұрғыда қарқынды жаңартуға, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақсыздықты тепе-тең әрі бірізді қамтамасыз етуге бағытталған саясатының айқын айғағы болып табылады деп атап өтті. «Біз ТМД аясында бірінші болып осындай жоғары мәртебеге ұмтылып отырмыз»,- деді Р.Әлиев. «Біздің еліміз үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасау мәртебесі демократиялық реформаларды одан әрі тереңдетуге қажетті ең бір қуатты ынталандыру оқиғасы болып табылады. Біз өз әріптестерімізбен өзара конструктивті диалог өрбітуге және 2009-жылға дейінгі уақыт ішінде көп іс тындыруға дайынбыз»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта