Қазақстан бидай экспортталатын елдер тізімін кеңейтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бидай экспортталатын елдер тізімін кеңейтеді

Қазақстан бидай экспортталатын елдер тізімін кеңейтеді

Қазақстан астық экспортын ұлғайтады.
Бұл туралы вице-премьер, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2022
  • 36
Фото - Caravan.kz

Үкімет кулуарында журналистер министрден бидай экспортталатын елдер тізімі жаңа мемлекеттермен толықты ма деп сұрады.

"Кеше мен Пәкістан және Иранмен жиналысқа дайындалдым. Президент Самарқанда Пәкістан және Иран басшыларымен кездесу өткізіп, нақты тапсырмалар берді. Келесі аптада біз сөйлесеміз, ол жерде астық жеткізу ғана емес, көлік логистикасын кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясының жұмысын оңтайландыру, кешенді мәселелер талқыланады", — деді Жұманғарин.

Айтуынша, министрліктің экспорт бойынша жоспары үлкен.


"Себебі менің алдымда шикізат емес экспортты екі есе ұлғайту міндеті тұр", — деді вице-премьер.

Жұманғарин қазір Қазақстанда астық жеткілікті екенін, фермерлерге пайда табуға мүмкіндік беру үшін 10 қыркүйектен бастап бидай экспортына тыйым алынып тасталғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар