Қазақстан биыл қанша этникалық қазақты қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан биыл қанша этникалық қазақты қабылдайды

Қазақстан биыл қанша этникалық қазақты қабылдайды

Министрлік бұйрығында биылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының саны 6 039 адамға дейін өскен.

  • 22 Ақпан 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 2021 жылға арналған қандастарды (тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды) қабылдаудың аймақтық квотасы ұлғайтылды.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 20 ақпан күнгі бұйрығында: "2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының саны – 1 426 адам; ал қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының саны – 6 039 адам болып белгіленсін", – делінген.

Құжат "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ал 2020 жылы қандастарды қабылдауға аймақтық квота 1 378 адам, ал қоныс аударушылар үшін 4 750 адам мөлшерінде белгіленген болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда "оралман" термині қолданыстан шығарылуына байланысты – егемендік алған кезде республикадан тыс жерлерде өмір сүрген этникалық қазақтар "қандас" деп аталатын болды.

Соңғы жаңалықтар