Қазақстан биыл Қытайға астық экспортын ұлғайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан биыл Қытайға астық экспортын ұлғайтады

Қазақстан биыл Қытайға астық экспортын ұлғайтады

Қазақстан биыл Қытайға астық экспортын ұлғайтады. Бұл туралы журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров айтты. 

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 515
Фото - Caravan.kz


«Өздеріңіз білесіздер, былтыр экспортталған астық көлемі 7,3 млн тонна болған. Биыл да астықты экспорттау көлемі осы шамада болады деп жобалап отырмыз. Астықтың экспортқа шығатын тараптары — Орта Азия мемлекеттері, Иран, Пәкістан елдері. Биылдан бастап, Қытай мемлекетіне экспорттайтын астық көлемін ұлғайтамыз деген жоспар бар»,-деді ол.

Бұған дейін айтқанымыздай, биыл бастырылатын астықтың таза салмағы 17,3 млн тоннаны құрайды деген болжам бар. 
«Қазғарыш»-пен бірге астықтың шығу жағдайына ғарыштан мониторинг жасап отырамыз. Сол мониторингтің берген алғашқы дерегіне сүйенсек, астықтың тазаланғаннан кейінгі таза салмағы 17,3 млн тоннаны құрайды деп жоспарлап отырмыз»,-деп толықтырды С.Омаров.

Соңғы жаңалықтар