Қазақстан биылғы жылдың шілдесінен бері 3 млн тоннадан астам астық экспорттады
Қазақстан 2012 жылдың 1-шілдесінен бері қарай ұнды қоса есептегенде 3 млн тоннадан астам астық экспорттады, деп Ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті. |
«2011-2012 жылдары 12 млн тонна астық экспорттау жоспарланған. Бұл қарқынымыз биылғы маркетинг жылында да бәсеңдеген жоқ: шілденің бірінен бері ұнмен қоса есептегенде 3 млн тоннадан астам астықты сыртқа саттық», - деді ол жұма күні Kazgrain-2012 VI Қазақстандық астық форумында.
Вице-министрдің айтуынша, бұған Ресей, Қытай арқылы астық экспорттауға кететін шығындарға субсидия бөлу арқылы қол жетіп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін