Қазақстан біздің маңызды одақтасымыз - АҚШ конгрессі өкілдер палатасының мүшесі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан біздің маңызды одақтасымыз - АҚШ конгрессі өкілдер палатасының мүшесі

Қазақстан біздің маңызды одақтасымыз - АҚШ конгрессі өкілдер палатасының мүшесі

"Қазақстан біздің маңызды одақтасымыз, сол себепті, өз әрекеттерімен ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, ядролық қару таратпауды, тұрақтылықты, этникалық және діни азшыл топқа төзімділікпен қарауды жақтайтынын жан-жақты көрсете білген Қазақстанды қолдау - АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сәйкеседі",- деді АҚШ Конгресінің отырысында өкілдер палатасының мүшесі Фил Инглиш. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Наурыз 2004
  • 525
Фото - Caravan.kz

Ф.Инглиш осы орайда өзінің 2001-жылдың желтоқсан айында АҚШ-қа ресми сапар жасаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесткенін, содан бері елдің даму барысын жіті қадағалап отырғанын жеткізді.

«Тәуелсіздікке ие болған 10 жылда Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда біршама ілгерілеушілікке қол жеткізді. «Экономист» журналының таяудағы бір талдауында атап көрсетілгеніндей, Жалпы ішкі өнімнің жылдық өсім мөлшері 10,1 процентті құрап отырған Қазақстан дүниежүзіндегі ең қарқынды өсіп келе жатқан экономикалар санатына қосылды»,- деді Ф.Инглиш.
АҚШ-тық заң шығарушы «Шынайы демократияға бет түзеген Қазақстан осы жолда қиындықтарға душар болуда, бірақ бұл жолда республика әлі де көп істер тындыруы тиіс», деп атап көрсетті. Алайда, оның пайымдауынша, «Қазақстан еркін нарықтық экономика мен ықпалды демократияға қадам басу арқылы дұрыс таңдау жасады. Халқының басым бөлігін мұсылмандар құрайтын ел ретінде Қазақстан діни-толерантты және ашық қоғамды қалай құру керектігі жөнінен дүниежүзіне үлгі көрсетіп отыр».
Ф.Инглиш Қазақстанның Ирактағы бітімгершілік іске көрсеткен қолдауы мен лаңкестікпен күреске қосқан зор үлесін жоғары бағалады.
«11-қыркүйектегі АҚШ-қа жасалған шабуылдан кейін президент Назарбаев ғаламдық қатерге айналған халықаралық лаңкестікпен күресте бізге алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. АҚШ Ауғанстандағы бейбітшілік пен демократияны қолдауға бағытталған күресті бастаған тұста ел үкіметі АҚШ-қа өз аумағы арқылы ұшып өтуге және ұшып-қонуға мұрсат берді. Қазақстан Ирактағы көп ұлтты бітімгерші күштерді қолдау үшін жауынгерлерін жіберген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш әрі бірден-бір ел болды»,- деді ол.
Конгрессмен өз сөзінің соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Вашингтон таймс» газетінде жарияланған «Қазақстандағы ілгерілеушілік» тақыбындағы мақаласын Конгрестің ресми хаттамасына енгізіп, әріптестерін мақаламен танысып шығуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар