Қазақстан бокс федерациясы» Атқару комитетінің отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бокс федерациясы» Атқару комитетінің отырысы өтеді

Қазақстан бокс федерациясы» Атқару комитетінің отырысы өтеді

«Қазақстан бокс федерациясы» Атқару комитетінің отырысы өтеді, деп хабарлады федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 1 Қараша 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

«3 қараша күні елордадағы «Думан» қонақ үйінде Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен «Қазақстан бокс федерациясы» Атқару комитетінің отырысы өтеді», — делінген хабарламада.

Алқалы жиынның күн тәртібінде 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына еліміздің былғары қолғап шеберлерінің дайындығы тұрғысында ұлттық құраманың халықаралық жарыстарға қатысу қорытындысы, Қазақстандағы жасөспірімдер және жастар боксының жай-күйі, «Астана арландары» командасының Дүниежүзілік бокс сериясының екінші маусымына дайындығы сынды мәселелерге қатысты жаттықтырушылар кеңесінің есебі тыңдалады.