Қазақстан Бокс федерациясы кубогының ¼ финалы өтетін қалалар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Бокс федерациясы кубогының ¼ финалы өтетін қалалар анықталды

Қазақстан Бокс федерациясы кубогының ¼ финалы өтетін қалалар анықталды

Қазақстан Бокс федерациясында жеребе тастау рәсімі өтіп, онда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан Бокс федерациясы кубогы» республикалық жарысының ¼ финалында, 22 қазанда кездесетін командалар арасындағы бәсеке өтетін қалалар анықталды.

  • 13 Қазан 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Бокс федерациясының елімізде жарыстар өткізу жөніндегі үйлестірушісі Берік Мыржықбаев, бокстан ҚР-ның мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахманов, ҚБФ-ның төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Аслан Игібаев, бокстан ҚР Ұлттық құрама командасының бастығы Қайрат Манашевтар кірген комиссия электрондық жеребе нәтижесін бекітті.

Сонымен, «Оңтүстік» дивизионында Алматы мен Жамбыл облыстары Алматы қаласында кездеседі. «Батыс» дивизионында Маңғыстау мен Атырау облысының боксшылары Ақтау қаласында жұдырықтасады. «Солтүстік» дивизонында шаршы алаңға көтерілетін Қостанай мен Қарағанды облысының спортшылары Қостанай қаласында түйіседі. Ал «Шығыс» дивизионында Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары Талдықорған қаласында өз бақтарын сынайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера