Қазақстан Бокс федерациясының кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кезеңі 1-2 қазанда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Бокс федерациясының кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кезеңі 1-2 қазанда өтеді

Қазақстан Бокс федерациясының кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кезеңі 1-2 қазанда өтеді

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кездесулері өтетін қалалар мен жекпе-жек қарсыластары анықталды.

  • 9 Қыркүйек 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін жарысқа 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының боксшылары Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс болып, төрт аймақтық дивизионға бөлініп, командалық есеп бойынша сынға түседі. Топ жарған командалар 1/8 финалдық жекпе-жекке жолдама алады.

Бүгін ҚР Бокс федерациясы мен құрама өкілдерінің қатысуымен өткен жеребе тарту рәсімі барысында Солтүстік дивизионында СҚО мен Қостанай облыстарының құрамалары Қостанай қаласында бір-бірімен қолғап түйістіретін болды. Ал кеншілер қаласында жергілікті Қарағанды облысының боксшылары Ақмола облысының өрендерімен бірге кімнің мықты екендігін анықтайды.

Оңтүстік дивизионындағы Алматы қаласының құрамасы мен Қызылорда облысы боксшыларының кездесуі Алматы қаласында өтеді. Жамбыл облысының боксшылары көршілес жатқан ОҚО-ның құрамасымен Тараз қаласында сынға түседі.

Батыс дивизионындағы матчтар БҚО мен Маңғыстау облысы (Ақтау), Атырау облысы мен Ақтөбе облысы (Ақтөбе) арасында, Шығыс тобында Астана қаласы мен Алматы облысы құрамаларының шеберлік сынасуы Талдықорған қаласында өтетін болды. Ал Павлодар боксшылары Өскемен қаласында ШҚО-ның құрамасымен кездеседі.

Жарыс үйлестірушісі Берік Маржықбаевтің жеребе барысында хабарлағанындай, ҚР Қазақстан бокс федерациясы Кубогінің сыйақы мөлшері биыл 50 мың АҚШ доллары болып бекітілді.

Кубок үшін жарыстар үстіміздегі жылдың 1-2 қазанында ұйымдастырылады. Жарыс ережелері АИБА белгілеген олимпиадалық жүйенің негізінде жүргізілмек. Финалдық жекпе-жек дәстүр бойынша Астана қаласында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера