Қазақстан боксшылары Германиядағы халықаралық додаға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан боксшылары Германиядағы халықаралық додаға аттанды

Қазақстан боксшылары Германиядағы халықаралық додаға аттанды

13 наурыз күні Германияның Галле қаласында халықаралық «Chemistry Cup» додасы басталады. Бүгін дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы аттанып кетті. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталына бас бапкер Мырзағали Айтжанов арнайы хабарлады.

  • 11 Наурыз 2012
  • 421
Фото - Caravan.kz

Галле турниріне 19 елден 111 спортшы қатысады. Қазақстан мен Германиядан бөлек байрақты сынға Алжир, Австрия, Бразилия, Қытай, Дания, Франция, Ирландия, Италия, Литва, Молдова, Моңғолия, Моракко, Голландия, Румыния, Ресей және Өзбекстан елдері де өздерінің мықты боксшыларын әкелмек.

Қазақ елінің намысын неміс жерінде Серік Сәпиев, Ғани Жайлауов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Қанат Әбутәліпов, Данабек Сужанов қорғайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера