Қазақстан Болгарияға қайырымдылық көмек көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Болгарияға қайырымдылық көмек көрсетті

Қазақстан Болгарияға қайырымдылық көмек көрсетті

АСТАНА. 2-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан 2005-2006-жылдарда болған су тасқындарына байланысты Болгарияға қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Қазан 2006
  • 329
Фото - Caravan.kz

«Бұл шара еліміздің табиғи зілзалаларға душар болған Болгариямен ынтымақтастық нышанын білдіреді. Табиғи зілзалалар мен техногендік сипаттағы оқыс оқиғалар қазіргі замандағы тағы бір қатерге айналды және одан ешбір ел сақтандырылмаған»,- деді еліміздің дипломатиялық миссиясының жетекшісі Тимур Оразаев өткен аптада Софияда болған қайырымдылық көмекті табыс ету рәсімінде.

Болгария вице-премьері — төтенше жағдайларды жою жөніндегі министр Эмель Этем Қазақстан үкіметіне қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді. «Осынау достық сипаттағы мейірбандық шарасы Қазақстанның елімізге келген зілзала апатының залал-зардаптарын жоюға үлес қосуға жасаған шынайы талпынысын білдіреді»,- деді ол.

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, тек 2005-жылы Болгарияға су тасқынынан келген шығын көлемі 1 млрд. доллардан асты. Соның салдарынан 2 млн. адам зардап шегіп, 22 адам қаза тапты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті