Қазақстан Бразилияда дипломатиялық өкілдік ашады - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Бразилияда дипломатиялық өкілдік ашады - ҚР СІМ

Қазақстан Бразилияда дипломатиялық өкілдік ашады - ҚР СІМ

Қазақстан Бразилияда дипломатиялық өкілдік ашады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

  • 26 Шiлде 2011
  • 545
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Латын Америкасының бірқатар еліне жасаған сапары нәтижесінде осындай қорытынды жасалған. Р.Жошыбаевтың Бразилия сыртқы байланыс министрінің орынбасары Хадил да Роча Вианнамен келіссөздері барысында Бразилиада Қазақстанның дипломатиялық өкілдігін ашу атап өтілген. «Бұл екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеуіне оң әсер етеді», — деді І.Омаров.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, дипломаттар қазақстандық-бразилиялық үкіметаралық комиссия құру туралы уағаластықты жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірген. Аталған комиссияның қызметі екіжақты келісімдер бойынша жұмыстарды жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар