Мемлекет басшысының айтуынша, «елімізге озық технологияларды кең көлемде әкелуші, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға белсенді атсалысатын, сондай-ақ, Қазақстандық кәсіпорындардың сервистік қызметіне көбірек жүгінетін » инвесторларға басымдық беріледі.
«Өз аумағындағы мұнай кеніштерін өңдеуді ұсынатын Қазақстан экспорттық мұнай құбырларының көп тармақты жүйесін құруға баса назар аударатын болады»,- деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, ел экономикасын одан әрі ырықтандыруға да қадамдар жасала береді.