Қазақстан бұған дейін қол қойылған мұнайға қатысты келісімдердің шартынан ауытқыған жоқ - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бұған дейін қол қойылған мұнайға қатысты келісімдердің шартынан ауытқыған жоқ - ҚР президенті

Қазақстан бұған дейін қол қойылған мұнайға қатысты келісімдердің шартынан ауытқыған жоқ - ҚР президенті

"Қазақстан бұған дейін қол қойылған мұнайға қатысты келісімдердің шартынан арықарай да ауытқымайды, бірақ ендігі жерде жер қойнауын пайдалануға жаңа тендерлер өткізу барысында жобаларды Қазақстандық мазмұнмен артықша байытуға ниет білдіріп, осы бағытта ұсыныс жасаған инвесторлар арттыққа саналатын болады". Бүгін, 21-қазанда елімізде аккредитацияланған елшілік миссиялардың басшыларымен жыл сайынғы кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қазан 2003
  • 297
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, «елімізге озық технологияларды кең көлемде әкелуші, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға белсенді атсалысатын, сондай-ақ, Қазақстандық кәсіпорындардың сервистік қызметіне көбірек жүгінетін » инвесторларға басымдық беріледі.

«Өз аумағындағы мұнай кеніштерін өңдеуді ұсынатын Қазақстан экспорттық мұнай құбырларының көп тармақты жүйесін құруға баса назар аударатын болады»,- деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, ел экономикасын одан әрі ырықтандыруға да қадамдар жасала береді.

Соңғы жаңалықтар