Жарияланды: 360

Қазақстан Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін жарқын, ерекше, табысты өткізетініне сенемін - Ху Цзиньтао

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаодан хат келді.

ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне Қытай Коммунистік партиясы 18-съезінің табысты шақырылымына байланысты жолдаған құттықтау хаты үшін алғыс айтқан, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Өз кезегінде, ҚХР Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқын жеңіп алуымен құттықтаған. «Бұл - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі табыстарын халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Қазақстан Бүкіләлемдік жарқын, ерекше, табысты көрме өткізетініне сенемін» делінген хатта. Құттықтау хатының соңында Х.Цзиньтао Нұрсұлтан Назарбаевқа - денсаулық және қызметінде табыс, Қазақстан мен оның халқына өсіп-өркендеу тілеген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін