Қазақстан Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін жарқын, ерекше, табысты өткізетініне сенемін - Ху Цзиньтао - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін жарқын, ерекше, табысты өткізетініне сенемін - Ху Цзиньтао

Қазақстан Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін жарқын, ерекше, табысты өткізетініне сенемін - Ху Цзиньтао

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаодан хат келді.

  • 6 Желтоқсан 2012
  • 341
Фото - Caravan.kz

ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне Қытай Коммунистік партиясы 18-съезінің табысты шақырылымына байланысты жолдаған құттықтау хаты үшін алғыс айтқан, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, ҚХР Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқын жеңіп алуымен құттықтаған.

«Бұл — Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі табыстарын халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Қазақстан Бүкіләлемдік жарқын, ерекше, табысты көрме өткізетініне сенемін» делінген хатта.

Құттықтау хатының соңында Х.Цзиньтао Нұрсұлтан Назарбаевқа — денсаулық және қызметінде табыс, Қазақстан мен оның халқына өсіп-өркендеу тілеген.

Перейти к новостям спорта