Қазақстан БҰҰ АҚК-ге сайлауда дауыс жағынан АҚШ-ты басып озды - әлемдік БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан БҰҰ АҚК-ге сайлауда дауыс жағынан АҚШ-ты басып озды - әлемдік БАҚ

Қазақстан БҰҰ АҚК-ге сайлауда дауыс жағынан АҚШ-ты басып озды - әлемдік БАҚ

БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқығы жөніндегі кеңеске 18 жаңа мүше қабылдады, дауыс беруде Астана БҰҰ-ның осы құқық қорғау органына алғаш рет өкілдік ала тұрып, АҚШ-ты едәуір басып озды, деп хабарлады «Взгляд» басылымы.

  • 14 Қараша 2012
  • 364
Фото - Caravan.kz

Дауыс берудің қорытындылары бойынша Кеңес құрамына Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Габон, Германия, Ирландия, Қазақстан, Кения, Кот-дИвуар, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Пәкістан, Корея Республикасы, АҚШ, Сьерра-Леоне, Черногория, Эстония, Эфиопия және Жапония кірді.

Олардың барлығы да БҰҰ мүше мемлекеттерінің қажетті көпшілік 97 дауысын алды.

АҚШ АҚК-ге екі мерзімге қатарынан сайланды. Айта кетерлігі, Вашингтонға 131 ел дауыс берген болса, Венесуэла 154 дауыс жинады. 183 дауыс алған Қазақстанның табысын бөліп айтуға болады. Астана алғаш рет БҰҰ-ның осы құқық қорғау органына өкілдік алып отыр.

Барлық сайланған елдер 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚК-де үш жыл жұмыс жасайтын болады.

Бұрын жұмыс істеп келген Адам құқығы жөніндегі комиссияның орнына Адам құқығы жөніндегі Кеңес құру туралы шешім 2005 жылы қыркүйекте қабылданды. БҰҰ мүше-мемлекеттерінің көпшілігінің пікірінше, Комиссия жұмысы шамадан артық саясиландырылып, әлем қоғамдастығының алдында тұрған адам құқығын сақтау саласындағы міндеттерге толыққанды жауап бере алмады.

АҚК құрамына 47 ел кіреді, олардың әрқайсысы БҰҰ БА мүшелерінің көпшілік дауысымен тікелей жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Кеңес мүшелері өздерінің өкілеттілігін үш жыл бойы атқарады және екі рет қатарынан сайланғаннан кейін қайта сайлануға құқысы жоқ, деп хабарлады «Взгляд» басылымы ИТАР-ТАСС агенттігіне сілеме жасап.

Соңғы жаңалықтар