Қазақстан БҰҰ қатысушыларын мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы мақсаттарын жүзеге асыру жоспарын жасауға шақырады - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан БҰҰ қатысушыларын мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы мақсаттарын жүзеге асыру жоспарын жасауға шақырады - ҚР СІМ

Қазақстан БҰҰ қатысушыларын мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы мақсаттарын жүзеге асыру жоспарын жасауға шақырады - ҚР СІМ

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан БҰҰ қатысушыларын мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы мақсаттарын жүзеге асырудың ұлттық жоспарларын жасауға шақырады, ал 2010 жылы осындай жыл өткізу туралы бастаманы ресми Астана көтерген. Бұл туралы ҚР СІМ Марат Тәжин кеше Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Өркениеттер альянсының «достары тобының» іс-қызметі мен Дінаралық ынтымақтастықты дамытудың үшжақты форумының іс-қызметіне белсене атсалысады, 2010 жылды мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы деп жариялау туралы біздің бастамамызды ұйымға мүше барлық елдер қолдап, БҰҰ Бас ассамблеясының 2007 жылғы резолюциясында көрініс тапты», — деп еске салды М.Тәжин.

«Біз барлық елдер мен БҰҰ жүйесіндегі барлық ұйымдарды резолюцияда атап көрсетілгендей, мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы мақсаттарын жүзеге асырудың ұлттық жоспарларын жасауға шақырамыз», — деді ол.

«Өркениеттерді жақындастыру идеясын одан әрі тәжірибелік дамыту мақсатында Қазақстан «Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы ілгерілеушілік» атты ұран астында министрлер конференциясын шақыруға бастама көтерген. Жер бетінің түрлі өңірлерінен сыртқы істер министрлері шақырылған алғашқы кездесу Астанада осы жылдың қазан айында өтеді», — деді Қазақстан сыртқы істер министрі.

«ЕҚЫҰ-ына 2010 жылы төрағалық жасауға және Ислам конференциясы ұйымының министрлер кездесуіне 2011 жылы төрағалық жасауға дайындала отырып, Қазақстан осынау бірегей мүмкіндікті пайдаланып, төзімділік нығайту мәселелері мен мүше елдердің алалаушылықтың барлық түрлерімен күрес мәселелерін аталған ұйымдардың күн тәртібіндегі өзекті тұстары ретінде қамту мақсатында пайдалануды жоспарлауда», — деді ол.

М. Тәжин сонымен бірге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Елордасы — Астана 2003 және 2006 жылдарда әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің екі съезі өткен жерге айналғанын атап өтті. «Келесі саммиті 2009 жылы өтетін бұл форум ғаламдық деңгейдегі төзімділік пен бейбітшілікті нығайтудың ықпалды халықаралық тетігі екенін көрсете білді», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар