Қазақстан БҰҰ ҮИИД мемлекеттік бағдарламасына үлес қосады деп үміттенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан БҰҰ ҮИИД мемлекеттік бағдарламасына үлес қосады деп үміттенеді

Қазақстан БҰҰ ҮИИД мемлекеттік бағдарламасына үлес қосады деп үміттенеді

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов БҰҰ-ның Қазақстандағы агенттіктерінің басшыларымен кездесіп, ұйымның үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына (ҮИИДБ) қатысатынына үміт білдірді.

  • 10 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Ұйымның (БҰҰ-ҚазТАГ) Қазақстандағы жобалық қуаты жаңа сапаға көтеріліп, елдің даму стратегиялары шеңберіндегі ең маңызды мәселелерді шешуге бағытталуға тиіс деп есептейміз. Мысал ретінде Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДБ) атауға болады», — деді Е. Қазыханов жұма күні кездесуде.

Ол ел басшылығы 2016 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні $15 мыңға жеткізіп, кіріс деңгейі жоғары елдердің тобына кіру міндетін қойып отырғанын еске салды. «БҰҰ Қазақстандағы өкілдігі ҮИИДБ жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады деп үміттенеміз», деп атап көрсетті ол.

Сондай-ақ, кездесу барысында министр БҰҰ жүйесі Қазақстанның орнығу және әлеуметтік-экономикалық құрылымды нарықтық экономиканың жағдайларына бейімдеу кезеңінде көп қолдау көрсеткенін жеткізді.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы ұлттық басымдықтарды жүзеге асыру үшін БҰҰ жүйесінің ұжымдық, келісілген және интеграцияланған көмегін қамтамасыз ету мақсатында 2010-2015 жылдары БҰҰ-ның Қазақстанған көмек көрсетуі бойынша шеңберлі бағдарлама (ЮНДАФ) жасалғанын айтты. Ол Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының нағыз «жол картасы» болды.

ЮНДАФ-тың жаңа циклы екіжақты ынтымақтастықтың әлі де болса 3 негізгі басымдығын анықтайды – барлығының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, қоршаған ортаның тұрақтылығы, тиімді мемлекеттік басқару, деп нақтылады министр.

СІМ-нің мәліметінше, 1992 жылдың ақпан айынан бері Қазақстанда БҰҰ жүйесінің 19 арнайы мекемесінің, қорлары мен бағдарламаларының өкілдіктері белсенді қызмет етіп келеді.