Қазақстан БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымымен Астанада осы ұйымның аймақтық кеңсесін ашуға келісті - Күрішбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымымен Астанада осы ұйымның аймақтық кеңсесін ашуға келісті - Күрішбаев

Қазақстан БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымымен Астанада осы ұйымның аймақтық кеңсесін ашуға келісті - Күрішбаев

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымымен Астанада осы ұйымның аймақтық кеңсесін ашу жөнінде уағдаластыққа келді. Бұл туралы бүгін "Агроинвест.KZ-2008" бірінші халықаралық аграрлық инвестициялық форумның жабылуында еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қазан 2008
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Жұмыс қорытындысына тоқтатлатын болсақ, біріншіден, біз Астанада БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының аймақтық кеңсесін ашу жөнінде уағдаластыққа келдік. Бұл бірлескен жұмыстарды жандандыруға және оны жүйелі сипатқа көшіруге мүмкіндік береді», — деді министр.

БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы (ФАО) 1945-жылдың 16-қазанында Квебек қаласында құрылған. Қазіргі жағдаймен ФАО БҰҰ жүйесіндегі ең ірі мамандандырылған агенттік болумен бірге жалпы ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, ауылдық аймақтарды дамыту саласында техникалық көмек көрсететін жетекші агенттіктердің бірі болып табылады. Ұйымның бас пәтері Римде орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар