Қазақстан БҰҰ-ның лаңкестікпен күресте ұстанып отырған бағыт-бағдарын қолдайды - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан БҰҰ-ның лаңкестікпен күресте ұстанып отырған бағыт-бағдарын қолдайды - ҚР президенті

Қазақстан БҰҰ-ның лаңкестікпен күресте ұстанып отырған бағыт-бағдарын қолдайды - ҚР президенті

Қазақстан лаңкестіктің алдын ерте бастан алу және сенім шаралары жүйесін құруға талпынып жатқан аймақтық құрылымдарды қолдауға бағытталған БҰҰ-ның бағыт-бағдарын толық қолдайды. Бүгін, 26-қаңтарда Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.

  • 26 Қаңтар 2005
  • 765
Фото - Caravan.kz

Отырысқа қатысушыларға арнаған өз сөзінде Елбасы «жер шарының көптеген аймақтарында экономикалық және саяси даму саласында айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқалғанына қарамастан, әлем сан алуан қауіп-қатерден әлі де сенімді қорғала қойған жоқ» деп атап көрсетті. «Аймақтардың дамуындағы ала-құлалық халықаралық ықпалдастыққа да салқынын тигізіп отыр»,- деді ол. Осыған байланысты Н.Назарбаев: «лаңкестікпен күрестің қара күшке негізделген амал-тәсілдері жеткіліксіз болып қана қоймай, сонымен бірге ұзақ мерзімді оңды нәтижелерге қол жеткізуге қабілетсіз екенін көрсетті»,- деп мәлімдеді.

«Қазақстан дүниежүзінде тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларына негізделген әділетті әлемдік тәртіп жүйесін қалыптастыруда БҰҰ-ына үлкен сенім жүктейді. Сол себепті біз лаңкестіктің тамырлануына жол бермеу үшін әлемдік қауымдастықтың ұлттық, діни және этникалық қарама-қайшылықты еңсеру жолындағы ынтымақ-бірлігін нығайтуға бағытталған әрекеттердің біртұтас стратегиясын жасауды мақсат етіп қоюымыз қажет»,- деді президент.
«Лаңкестік және экстремизм проблемалары Қазақстан үшін де өзекті»,- деді президент. «Халықаралық лаңкестіктің жаҺандану ағымын ескерсек, бұл проблемалар тіптен нақтылана әрі айқындала түседі»,- деді ол.
Н.Назарбаев Қазақстан тарапынан «лаңкестіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар қолданылғанын» атап өтті. Атап айтар болсақ, Қазақстан БҰҰ-ның лаңкестікпен күрес жөніндегі 12 конвенциясына бірікті. Елімізде антитеррорлық орталық құрылып, ұлттық заңнамалар жетілдірілуде, лаңкестік ұйымдардың белсенді әрекеттерін бейтараптандыруға бағытталған нысаналы жұмыстар жүзеге асырылуда, лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға және арам ақшаны айналымға енгізуге қарсы күрес жүйесі жолға қойылды.
«Қазақстан халықаралық лаңкестікпен күрес саласындағы нақты ықпалдастық бағыттары бойынша отырысқа қатысушылар тарапынан белсенді диалогты күтеді»,- деп қорытты өз сөзін президент.

Перейти к новостям спорта