Қазақстан БҰҰ-ын реформалау жоспарын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан БҰҰ-ын реформалау жоспарын қолдайды

Қазақстан БҰҰ-ын реформалау жоспарын қолдайды

Қазақстан БҰҰ-ын институт ретінде реформалау жөніндегі Кофи Аннан ұсынған "А" жоспарын қолдайды. Бұл туралы бүгін, 1-сәуірде Қазақстанның стратегиялық зерттеулері институтында өткен кездесуде БҰҰ-ның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ержан Қазыханов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Сәуiр 2005
  • 643
Фото - Caravan.kz

«А» жоспары бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің санын 6-дан 12-ге жеткізу, соның ішінде жаңа мүшелерге вето құқығын бермей, елдер санын дамушы мемлекеттердің өкілдігін арттыру есебінен толықтыру көзделген, деді Е.Қазыханов. «Бұл орындардан Жапония, Германия, Бразилия, Үндістан және бірқатар Африка елдері үмітті»,- деді елші. Сонымен қатар екі жыл мерзіммен жаңадан үш тұрақты емес орын құрылып, олар негізгі аймақтық зоналар арасында таратылады. Нәтижесінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде қазіргі 15 елдің орнына 24 ел болмақ.

«В» үлгісі бойынша төрт жыл сайын жаңартылатын 8 орын мен екі жыл мерзіммен тұрақты емес бір орынды қамтитын жаңа категория құру көзделген. Бұл орындар негізгі аймақтық зоналар арасында таратылады. «В» үлгісі бойынша Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болу мүмкіндігі шұғыл кеми түспек»,-деп пайымдайды Е.Қазыханов. «Біз БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне 2010-жылы мүшелікке өтуге өтінім тапсырдық. Алайда, бұл орын үшін бізбен Таиланд елі бәсекелескелі отыр. Бұл елмен шен таластыру қиынға түспек»,- деді БҰҰ-ның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

Перейти к новостям спорта