Қазақстан былтыр жиналған астықтан 3,3 млн тонна бидай экспорттады
Қазақстан былтыр жиналған астықтан 3,3 млн тонна бидай экспорттады, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Сақташ Хасенов. |
«(2010-2011 маркетингтік жылы– ҚазТАГ) 3,3 млн тонна бидай экспортталды, бірақ әлі де болса, қалдық бар», - деді С. Хасенов бейсенбі күні ДИЭФ шеңберінде ҚазТАГ тілшісіне.
Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков хабарлағандай, Қазақстан 2011 жылғы астық жиналғанға дейін 6 млн тонна бидай экспорттауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін 2010-2011 маркетингтік жылы Қазақстан 5,5 млн тонна бидай экспорттауды жоспарлап отыр деп хабарланған болатын. Бастапқыда ағымдағы маркетингтік жылға бидай бойынша экспорттық әлеует 7-8 млн тонна деп бағаланған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін