Қазақстан чемпионаты: алматылық волейболшылар көш бастап келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан чемпионаты: алматылық волейболшылар  көш бастап келе жатыр

Қазақстан чемпионаты: алматылық волейболшылар көш бастап келе жатыр

Кеше Петропавловскіде волейболдан ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтті. Онда алматылықтар барлық қарсыластарын қапы қалдырып, турнир кестесінде дара шықты.

  • 22 Қаңтар 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz


19-24 желтоқсанда Хромтауда өткен алғашқы турда командалар бір-бірінен айтарлықтай қара үзіп кете алмаған еді. Бұл жолы алматылықтар 20 ұпаймен Хромтаудың "ТНК Қазхромынан" — 3, Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысынан" — 4, Қызылжардың "Есілі" мен Оралдың "Конденсатынан" — 7, ал "Атыраудан" — 9 ұпайға ұзап кетті. Алматылықтадың енді турнир кестесіндегі жағдайын 11-16 ақпанда өз алаңында өтетін ел чемпионатының 3-турында одан ары жақсартуға мүмкіндігі өте мол.