Қазақстан даму банкі инвестициялық қормен бірлесе отырып "Ангара" зымыран кешенін салу жобасын қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан даму банкі инвестициялық қормен бірлесе отырып "Ангара" зымыран кешенін салу жобасын қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруда

Қазақстан даму банкі инвестициялық қормен бірлесе отырып "Ангара" зымыран кешенін салу жобасын қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруда

Қазақстан даму банкі республикалық инвестициялық қормен бірлесе отырып "Ангара А-5" зымыран кешенін салу жобасын қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы бүгін, 2-ақпанда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында Қазақстан даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаев хабарлады.

  • 2 Ақпан 2004
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Бұл мәселе экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қаралып, бізге бұл мәселені бірлесе отырып дәйектеу туралы тапсырма берілді»,- деді ол. Қ.Шалғымбаевтың пайымдауынша, «Байқоңыр ғарыш айлағы кешенінің мүмкіндіктерін арттыру қажет. Бұл жерден тек Ресейдің зымырандарын ғана ұшырумен шектелмей, Қазақстанның өзінің де коммерциялық ұшырылымдарын жүзеге асыратын мерзім жетті». «Коммерциялық ұшырылымдарды жүзеге асыру арқылы Қазақстанға неге қаржы табуға болмайды?»,- деп сауал тастады Қ.Шалғымбаев.

Оның айтуынша, аталмыш мақсатты жүзеге асыру үшін «ғарыштық-зымыран кешенін реконструкциялап, Протон-5 кешендерін жасауға арналған өндірістер құру» көзделіп отыр. Қазақстан даму банкі президентінің айтуынша, «бұл зымыран тасығыштар жанармайдың экологиялық таза, жаңа түрін пайдаланатын болады. Қазір пайдаланылып отырған отын түрін емес, жаңа керосин түрін пайдалану жоспарда бар»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар