Қазақстан даму банкі мен "Павлодар электролиз зауыты" АҚ алюминий өндіретін зауыт құрылысын салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңін қаржыландыру туралы мандатқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан даму банкі мен "Павлодар электролиз зауыты" АҚ алюминий өндіретін зауыт құрылысын салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңін қаржыландыру туралы мандатқа қол қойды

Қазақстан даму банкі мен "Павлодар электролиз зауыты" АҚ алюминий өндіретін зауыт құрылысын салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңін қаржыландыру туралы мандатқа қол қойды

Қазақстан даму банкі мен "Павлодар электролиз зауыты" АҚ осы облыста алюминий өндіретін зауыт құрылысын салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңін қаржыландыруға 300 млн. доллар бөлу туралы мандатқа қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Даму банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2004
  • 970
Фото - Caravan.kz

Республика басшылығы электролиз зауытының құрылысын салу жобасына айрықша маңыз беруде. Дүниежүзі бойынша топырақ құрамындағы алюминий тотығының (глинозем) 2,5 процентін өндіретін республикамыз күні бүгінге дейін өз бетімен алғашқы сатылы алюминий шығара алмай келді. Зауыт құрылысын салу нәтижесінде осындай ахуал өзгеріп, саланың топырақтағы алюминий тотығын импорттаушыларға тәуелділік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, делінген хабарламада.

Қазақстан даму банкі аталмыш жобаға қатысу арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 19-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында алға қойған басты міндеттердің бірін жүзеге асыруға ықпал етпекші. Мемлекет басшысы онда «негізгі индустрия салаларын, соның ішінде бірінші кезекте металлургия және металл өңдеу саласын дамыту арқылы еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға түрткі болу» туралы тапсырма берген.
Мемлекеттің тиімді инвестициялық саясатын жүзеге асыру үшін құрылған Қазақстан даму банкі аталмыш жоба аясында Қазақстан Республикасындағы өңдеу өнеркәсібін дамытуға түрткі болуға бағытталған басты міндеттерінің бірін іске асырмақ.
Павлодар облысында алюминий өндіретін электролиз зауытының құрылысын салу жобасына жалпы алғанда 851,2 млн. доллар жұмсау көзделіп отыр. Зауыттың жобалық қуаты жылына 240 мың тонна алғашқы сатылы алюминий өндіруге негізделген.
2004-жылдың 1-наурызындағы жағдаймен Қазақстан даму банкінің активтері 80,2 млрд. теңгені, жеке капиталы 42,3 млрд. теңгені, банктің жарғылық қоры 37,7 млрд. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар