Қазақстан даму банкі өз капиталын Орталық Азия аймағына шығармақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан даму банкі өз капиталын Орталық Азия аймағына шығармақшы

Қазақстан даму банкі өз капиталын Орталық Азия аймағына шығармақшы

Қазақстан даму банкі өз капиталын Орталық Азия аймағына шығармақшы. Бұл туралы бүгін, 2-ақпанда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында Қазақстан даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаев хабарлады.

  • 2 Ақпан 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан даму банкі еліміздің экспортқа бағытталған жобаларын несиелендіретіндіктен және қазақстандық тауар өндірушілер республика аумағынан сыртқа қарай ден қоя бастағандықтан біз тек Қазақстан аумағында ғана қалмай, даму институты ретінде шетелдер мен республикамызды өзара жалғастырушы көпір ролін атқаруға тиіспіз»,- деді Қ.Шалғымбаев.

Оның айтуынша, «Қазақстан даму банкі таяу болашақта Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан рыногын зерттеп, солай қарай шыға бастайды». Банк басшысының айтуынша, «Қазақстан даму банкі тек өз капиталын Орталық Азия аймағына шығарумен ғана шектелмей, сондай-ақ, Ислам даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі тәрізді халықаралық қаржылық институттармен бірлесе отырып, шетелдерде Қазақстанмен технологиялық байланысы бар ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырмақшы». Алдағы уақытта банк Өзбекстанда өз өкілдігін ашып, сол елдегі жұмыстарды жолға қоюды көздеп отыр.
2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен Қазақстан даму банкінің активтері 84,2 млрд. теңгені, жеке капиталы 41,7 млрд. теңгені, міндеттемелері 42,5 млрд. теңгені құрады. 2003-жыл қорытындысы бойынша Қазақстан даму банкінің тапқан таза пайдасы 1,3 млрд. теңгені құрады. Қ.Шалғымбаевтың айтуынша, «бұл аудиттік тексеруден өткізілмеген мәлімет». Оның айтуынша, Қазақстан даму банкіндегі тәуелсіз аудиттік тексеру 2004-жылдың 10-ақпанында аяқталады. Аудиттік тексеру мәліметтері содан кейін банк сайтында жарық көреді.
2001-жылдың сәуір айынан бері Қазақстан даму банкі 504,8 млн. доллардың 20 инвестициялық жобасын қаржыландыруға қабылдап, тікелей банк қаржысынан 201 млн. доллар бөлінді. Несиелердің орташа мерзімі 7-9 жыл, орташа айлық өсімақы ставкасы 10,4 процентті құрайды. Еліміздің жалпы банк жүйесінің заңды тұлғаларды несиелендіру көлемінде Қазақстан даму банкінің үлесі 23,6 процентті құрады.
2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен Қазақстан даму банкінің жарғылық қоры 37,7 млрд. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар