Қазақстан даму банкі Қазақстан қор биржасында шетел валютасын сату және сатып алу шарасын алдын-ала төлем негізінде жүзеге асыратын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан даму банкі Қазақстан қор биржасында шетел валютасын сату және сатып алу шарасын алдын-ала төлем негізінде жүзеге асыратын болады

Қазақстан даму банкі Қазақстан қор биржасында шетел валютасын сату және сатып алу шарасын алдын-ала төлем негізінде жүзеге асыратын болады

Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармаларының шешімімен "Қазақстан даму банкі" АҚ 2004-жылдың 5-тамызы мен 4-қарашасы аралығында биржасында шетел валютасын сату және сатып алу шарасын алдын-ала төлем негізінде жүзеге асыру тәртібіне көшірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне KASE баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Тамыз 2004
  • 654
Фото - Caravan.kz

Мұндай шешім Қазақстан даму банкінің 4-тамыз күні биржада 1,375 млн. доллар көлемінде шетел валютасын сату туралы міндеттемесін орындамауға байланысты қабылданып отыр.

Шетел валютасының сауда-саттық қорытындысына сәйкес есеп жүргізу тәртіптері бойынша өзіне жүктелген нетто-міндеттемелерді орындамаған қатысушы KASE басқармаларының шешімімен үш ай мерзімге сататын валютаны алдын-ала жеткізу және сатып алатын валюта үшін алдын-ала есеп айырысу режиміне көшірілді.
KASE баспасөз қызметінен хабарлағанындай, соңғы үш жылда осындай тәртіп бұзу оқиғасына екі мәрте ғана жол берілді. KASE тарапынан алғашқылардың бірі болып Валют Транзит банкке қатысты осындай санкция қолданылған.
Биржа мамандарының айтуынша, Қазақстан даму банкінің өз міндеттемесін орындамауына мәселенің қаржылық жағы мүлдем әсер еткен жоқ. Бұл жерде мәселе әкімшілік қайшылықтарға байланысты.
Биржа басқармаларының шешімін қарайтын биржа кеңесі тәртіп бұзуға түрткі болған себептерді қарап көріп, санкция туралы шешімді өзгертуі мүмкін.

Перейти к новостям спорта