Қазақстан даму банкі Ресей аумағында бірнеше жобаны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан даму банкі Ресей аумағында бірнеше жобаны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруда

Қазақстан даму банкі Ресей аумағында бірнеше жобаны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруда

Қазақстан даму банкі Ресей аумағында бірнеше жобаны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы бүгін, 14-желтоқсанда РФ Федералдық жиыны Федералдық кеңесінің өкілдері мен "Қазақстан даму банкі" АҚ басшылығының кездесуі барысында қаржылық ұйымның президенті Қамбар Шалғымбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 379
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, әңгіме Ресейдің Калуга және Нижний Новгород өңірлерінде жүзеге асырылатын 2-3 жоба турасында болып отыр. Қазір қарастырылып жатқан бұл жобалар 200-250 млн. доллар көлемінде қаржы құюды талап етеді, деді Қ.Шалғымбаев.

Қазақстан даму банкінің президенті биыл мемлекет басшысы банктің алдына шетелдік рынокқа шығу туралы мақсат қойғанын еске салды. Қ.Шалғымбаевтың айтуынша, қазір Қазақстан даму банкі шетелдік нарыққа шығу жөніндегі тұжырымдаманың жобасын жасады. Үкімет оны таяу уақыттарда бекітуі тиіс. «Бұл тұжырымдамада отандық өнеркәсіптік капиталдың көршілес Ресей, ҚХР және Орталық Азия елдері рыногына шығу жолдары қарастырылады»,- деді Қ.Шалғымбаев. Оның айтуына қарағанда, тұжырымдамаға сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы бірлескен кәсіпорындар мен әйнек өндірістерін құру көзделген.

Перейти к новостям спорта