Қазақстан Даму Банкі және Внешэкономбанк Қосымша келісімшартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Даму Банкі және Внешэкономбанк Қосымша келісімшартқа қол қойды

Қазақстан Даму Банкі және Внешэкономбанк Қосымша келісімшартқа қол қойды

Кеше, 14 маусым күні Астана қаласында «Қазақстан Даму банкі» АҚ (әрі қарай ҚДБ) және «Даму және Сыртқы экономикалық қызмет банкі» Мемлекеттік корпорациясы құны 300 млн АҚШ долларын құрайтын Қосымша келісімшартқа қол қойды.

  • 15 Маусым 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан даму банкі» АҚ хабарлағандай, аталған рәсім Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі Кеңесінің VII отырысына арналған шаралардың шеңберінде өтті. Бұған дейін, 2008 жылғы 22 қыркүйек күні ҚДБ және «Внешэкономбанк» арасында кредиттік желіні ашудың жалпы шарттары туралы Негізгі келісімшарт қабылданған болатын.

Бұл құжат Қазақстан мен Ресейдің экономикаларына стратегиялық маңызы зор жобаларды қаржыландыру аясында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

ҚДБ тарапынан келісімшартқа Басқарма Төрағасы Н.Құсайынов, ресейлік «Внешэкономбанк» тарапынан Төраға Владимир Дмитриев қол қойды.

Екі тараптың пікірінше, Қосымша келісімшарттың қабылдануы — қос мемлекеттің сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бөлігі.

Соңғы жаңалықтар