2003-жыл қорытындысы бойынша банк 1,2 млрд. теңге көлемінде таза пайда тапты. Банк активтері 84,2 млрд. теңгені құрады. Еліміздегі барлық банктердің заңды тұлғаларды инвестициялық несиелендіру көлеміндегі Қазақстан даму банкінің иемденетін үлес салмағы 23,6 процентті құрады. Қазір банк 300 млн. доллардың 36 инвестициялық жобалары мен экспорттық операцияларын жүзеге асыруда.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Қ.Шалғымбаев жоғары технологиялық өндірістер, көлік және өнеркәсіп инфрақұрылымын құруға бағытталған ірі және жүйелі жобалардың тізімі туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
Елбасы мемлекеттік банкті индустиялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстыру тұрғысында бірқатар тапсырма берді.