Қазақстан даму банкінің төрағасы Елбасына банктің жұмыс қорытындысы туралы есеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан даму банкінің төрағасы Елбасына банктің жұмыс қорытындысы туралы есеп берді

Қазақстан даму банкінің төрағасы Елбасына банктің жұмыс қорытындысы туралы есеп берді

Қазақстан даму банкінің төрағасы Қамбар Шалғымбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа банктің өткен жылғы жұмыс қорытындысы туралы есеп берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Қаңтар 2004
  • 373
Фото - Caravan.kz

2003-жыл қорытындысы бойынша банк 1,2 млрд. теңге көлемінде таза пайда тапты. Банк активтері 84,2 млрд. теңгені құрады. Еліміздегі барлық банктердің заңды тұлғаларды инвестициялық несиелендіру көлеміндегі Қазақстан даму банкінің иемденетін үлес салмағы 23,6 процентті құрады. Қазір банк 300 млн. доллардың 36 инвестициялық жобалары мен экспорттық операцияларын жүзеге асыруда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Қ.Шалғымбаев жоғары технологиялық өндірістер, көлік және өнеркәсіп инфрақұрылымын құруға бағытталған ірі және жүйелі жобалардың тізімі туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
Елбасы мемлекеттік банкті индустиялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстыру тұрғысында бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар