Қазақстан даму банкінің басшысы 2005-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен банктің жеке капиталы 55,4 млрд. теңгені, соның ішінде жарғылық қоры 48,4 млрд. теңгені құрағанын айтты. 2005-жылы Қазақстан даму банкінің жарғылық капиталы 63,4 млрд. теңгеге дейін артады деп күтілуде.
Қазақстан даму банкінің 2004-жылғы таза пайдасы 3 млрд. теңгеге жетті. «Бұл — халықаралық стандарттарға сәйкес аудиттік тексеру арқылы анықталған таза пайда»,- деді Қ.Шалғымбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылы Қазақстан даму банкі түрлі жобаларды қаржыландыру көлемін 600 млн. долларға дейін ұлғайтпақшы.