Жарияланды: 490

Қазақстан ДИЭФ аясында $80 млрд тартпақ ниетте – инвестиция жөніндегі комитет

Қазақстан Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) аясында $80 млрд тартпақ ниетте, деп ҚР ИЖТМ инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Асылхан Серіков хабарлады.

«Қазақстан ДИЭФ аясында 86 инвестициялық жобаны іске асыруға $80 млрд тартпақшы. Біз өзіміздің серіктестермізге нақты жобаларды ұсынамыз. Әлемде, мен Таяу Шығысты айтып отырмын, өтімділіктің артықтығы байқалуда, сондықтан біз біздің экономикамызға салуды ұсынамыз», - деді ҚР ИЖТМ инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы А. Серіков бейсенбі күні агенттік тілшісіне. Оның айтуынша, исламдық инвесторлар Қазақстанның логистикалық әлеуетіне, кедендік кеңестікті қалыптастыруына, сондай-ақ аграрлық сектор әлеуетіне қызығушылық танытты. «ДИЭФ ең алдымен отандық бизнес үшін жүргізіледі. ТМД кеңістігінің аумағында біз исламдық қаржы жағынан алдында келеміз… Ол инвестициялар біздің бизнеске бағытталды, отандық кәсіпкерлер қандай тетіктер, оның ішінде қаржылық тетіктер барлығын көріп, пайдалануды үйренуі тиіс», - деді ол. «Ислам даму банкінен (ИДБ) (Сауд Арабиясы – ҚазТАГ), сондай-ақ Малайзиядан – қарым-қатынастың орнығаны себепті, ең үлкен делегация келеді деп күтілуде», - деді салалық комитет басшысы. ДИЭФ – Ислам Конференциясы ұйымна (ИКҰ) мүше мемлекеттердің ең басты жыл сайынғы экономикалық саммиті, былайша айтқанда «Ислам Давосы». Ең алғаш рет форму Куала – Лумпурде (Малайзия) 2005-ші жылы өтті. ДИЭФ-тің ең негізгі мақсаты мұсылман елдерінің экономикалық және геосаяси дамуын талқылау, оның әлем экономикасындағы рөлін айқындау, сондай-ақ ИКҰ мүше мемлекеттерге ірі шетелдік инвесторлардың капиталын таруға септігін тигізу. 7-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) Астанада 7-9-ші маусымда өтеді. ИКҰ – құрамына 57 мемлекет кіретін халықаралық бірлестік. 2011-ші жылы Қазақстан осы ұйымға төрағалық етеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть