Қазақстан Діндер съезі мен БҰҰ ынтымақтастығын кеңейтуді қалайды

"Қазақстан аймақтар мен әлем елдері арасындағы дінаралық, өркениетаралық, мәдениетаралық диалогты дамыту үшін қолынан келгенін аямайды. Осы мақсатта біз Съездің БҰҰ-мен, оның ішінде ЮНЕСКО мен Өркениет альянсының өзара байланыс желісі бойынша ынтымақтастығын кеңейтпекпіз", - деп Қ.Мәми бүгін Астанада съезд хатшылығының X отырысында атап көрсетті.

Оның айтуынша, ынтымақтастыққа БҰҰ-ның біріктіруші және гуманитарлық әлеуетін тарту, планета халықтары съезінің жарқын идеяларын жеткізу үшін бсты әлемдік мінбер мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек.