Қазақстан дипломаттары Лондон мэриясына 40 мың фунт төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан дипломаттары Лондон мэриясына 40 мың фунт төледі

Қазақстан дипломаттары Лондон мэриясына 40 мың фунт төледі

Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі “жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемейтіндер” деген жаман аттан құтылды. Жалпы тәртіпке бағынбай, 627 рет көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған дипломаттар Лондон мэриясына 40 мың фунт төлеген. Бұл 9 млн теңге шамасындағы қаражат.

  • 15 Шiлде 2011
  • 569
Фото - Caravan.kz


Ережеге бағынбағандар ішінде АҚШ, Германия, Ауғанстан, Нигерия сияқты елдердің өкілдері де бар. Бірақ тәртіпсіздік жөнінен қазақтар алдына жан салмай тұр. Елінде полиция атаулыны пысқырмай үйренген «еркетотайлар»Лондонда да қалаған жеріне көлігін тастап жүре беретін болса керек. Ал Сыртқы істер министрлігі өкілдері:  «Бұл- өте күрделі мәселе»-дейді. Өйткені халықаралық Вена конвенциясында дипломаттар жергілікті органдарға қандай да бір айыппұл төлеуден босатылады деп көрсетілген. Алайда бұл ережеге Ұлыбритания әлі күнге дейін мойынсұнбайтын көрінеді. Тараптар бір мәмілеге келгенше, министрлік ереже бұзған дипломаттарын мәжбүрлі түрде өз қалталарынан айыппұл төлеуге міндеттеген. 

Соңғы жаңалықтар