Ережеге бағынбағандар ішінде АҚШ, Германия, Ауғанстан, Нигерия сияқты елдердің өкілдері де бар. Бірақ тәртіпсіздік жөнінен қазақтар алдына жан салмай тұр. Елінде полиция атаулыны пысқырмай үйренген «еркетотайлар»Лондонда да қалаған жеріне көлігін тастап жүре беретін болса керек. Ал Сыртқы істер министрлігі өкілдері: «Бұл- өте күрделі мәселе»-дейді. Өйткені халықаралық Вена конвенциясында дипломаттар жергілікті органдарға қандай да бір айыппұл төлеуден босатылады деп көрсетілген. Алайда бұл ережеге Ұлыбритания әлі күнге дейін мойынсұнбайтын көрінеді. Тараптар бір мәмілеге келгенше, министрлік ереже бұзған дипломаттарын мәжбүрлі түрде өз қалталарынан айыппұл төлеуге міндеттеген.