Қазақстан ДСҰ-ға енген соң автокөліктерге кедендік баж салығы төмендейді - kaz.caravan.kz
  • $ 532.74
  • 617.23
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ДСҰ-ға енген соң автокөліктерге кедендік баж салығы төмендейді

Қазақстан ДСҰ-ға енген соң автокөліктерге кедендік баж салығы төмендейді

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірген соң автомобильдерге кедендік баж салығы төмендейді, деп ҚР экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

  • 23 Маусым 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Ресей ДСҰ-ға кірген соң, автомобильдерге импорттық кедендік баж салығы либералданады, ал Қазақстан ДСҰ-ға кірген соң, Қазақстан мен РФ арасындағы міндеттер бойынша айырмашылығы бар тауарлар жөнінде біз қосымша келіссөздер жүргіземіз. Сөйтіп, сол кезде бар ставка қабылданатын болады. Ол бүгін қолданыстағы мөлшерлемеден төмен болады (2011-ші жылғы 1-ші шілдеден бастап КО аясында – ҚазТАГ), бірақ ол еліміз ДСҰ-ға енген соң болады», — деді Ж. Айтжанова бейсенбі күні сенаттың алқа отырысында.

Бұл ретте ол, 2011-ші жылдың 1-ші шілдесінен бастап жеке тұлғаларға сырттан автокөлік әкелудегі жеңілдіктер алынып тасталып, 30% мөлшеріндегі бірыңғай кедендік тариф енгізіледі деді.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан ДСҰ-ға ену туралы келіссөздерді 2012-ші жылы аяқтайды.