Қазақстан дзюдошысы Асхат Житкеев Олимпиадада күміс медальді жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан дзюдошысы Асхат Житкеев Олимпиадада күміс медальді жеңіп алды

Қазақстан дзюдошысы Асхат Житкеев Олимпиадада күміс медальді жеңіп алды

Астана. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан дзюдошысы Асхат Житкеев Пекинде болып жатқан Олимпиадада күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Тамыз 2008
  • 659
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Қазақстан құрамасының атынан сынға түскен Асхат Житкеев Қазақстан дзюдосының тарихында тұңғыш рет 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс медалін жеңіп алды», — деп көрсетілген хабарламада.

Олимпиада ойындарында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асхат алғашқы белдесуін Кувейт елінің дзюдошысымен өткізіп, уақытынан бұрын аяқтап, сенімді жеңісіне қол жеткізді. Екінші белдесуінде Житкеев тағы да өз жеңісі үшін уақыт күттірмеді (таза жеңіс — «иппон»). Жартылай финалда Нидерланды мемлекетінің спортшысын тізе бүктірді. Ал финалда Асхат Моңғолиялық спортшыға жолығып, одан, өкінішке орай, жеңіліске ұшырады, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Житкеев Асхат Расулұлы 1981 жылдың 13 сәуірінде дүниеге келген. Дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Астана қаласының атынан сынға түседі. Алғашқы бапкері — Құдайбергенов Саяхат Жомартұлы. Саламатов Жексенбай Нұрлыбайұлы мен Хамитжанов Саян Жақсыгелдіұлының басшылығымен жаттығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті