Қазақстан ЕЭО елдері арасында инфляциясы ең жоғары ел болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЕЭО елдері арасында инфляциясы ең жоғары ел болып шықты

Қазақстан ЕЭО елдері арасында инфляциясы ең жоғары ел болып шықты

Қазақстан үшінші жыл қатарынан инфляция деңгейі бойынша ЕЭО елдері арасында бірінші орында келеді.

  • 30 Қараша 2017
  • 198
Фото - Caravan.kz

Мысалы, 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында еліміздегі құнсыздану деңгейі 5,4 пайызды құраған. Ал көрші Қырғызстанда бұл көрсеткіш бар жоғы 2 пайыз, Ресейде 1,9 пайызды құрапты. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Energyprom зерттеу порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш зерттеу порталы келтірген деректерге қарағанда елімізде азық-түлік бағасының өсуі де көрші елдерден көш ілгері. 4,5 пайыз көрінеді. Ал Қырғыз елінде азық-түлік бар жоғы — 0,9, Ресейде -0,3 пайызға ғана өскен.

Қазақстанда ең көп қымбаттаған жанар-жағар май. Жыл басынан бері бірден 17,3 пайызға көтерілген. Ал Қырғызстанда бар жоғы 3,5 пайызға өсіпті. Дегенмен, аталған елде темекі, ет өнімдері мен жеміс-жидек көбірек қымбаттаса, Ресейде темекі өнімдері мен сүт өнімдері өскен.

Ал жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасында инфляция деңгейі ең жоғары ел болып отыр.


Соңғы жаңалықтар