Caravan Logo

Қазақстан Египетке азық-түліктік астық сатудан мүдделі

Қазақстан Египетке азық-түліктік астық сатудан мүдделі

"Біз Египетке азық-түліктік астық сатудан мүдделіміз", -деді Н. Назарбаев. Осы орайда ол Қазақстан мен Египет арасында сауда саласындағы ынтымақтастықтың кейінгі уақытта жақсы дамып келе жатқанын атап өтті.

Екі ел аарсында денсаулық сақтау, фармацевтика және банкаралық байланыстар саласында серіктестік дамып келеді, деді президент.

"Египет басшылығына Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдағаны үшін ризашылық білдіремін",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Египет Араб Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Абдалла әл-Арнуси екі ел арасындағы байланыстың беки түсетініне сенім білдірді.