Жарияланды: 320

Қазақстан экономикадағы еңбек өнімділігі жөнінде ТОП-50 елдерінің қатарына қосылды

Қазақстан экономикадағы еңбек өнімділігі жөнінде ТОП-50 елдерінің қатарына қосылды

Қазақстан экономикадағы еңбек өнімділігі жөнінде ТОП-50 елдерінің, ал оның өсімі жөнінен  ТОП-20 елдерінің қатарына қосылды,

онда да жетекші ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінің өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі жөніндегі алшақтықты 14%-ға қысқартты, деп хабарлады ҚР Индустрия және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы бағдарламаларын (ҮИИДМБ) жүзеге асыру ұлттық экономиканың құрылымдық қайта құрылуының басталуына түрткі болып, еліміздің көптеген көрсеткіштерінің өсуінің және де индустрияландыруының тоқтауының өзекті драйверлерінің біріне айналды. 223 индикатордың 72% орындалды немесе асыра орындалды, мұнымен қоса 19% бойынша базалық 2008 жылмен салыстырғанда едәуір жақсартуға қол жеткізілді.

Еске сала кетейік, бағдарламаны жүзеге асыруды орындаудың өзекті пункттері мыналар болды:   тиісті құқықтық өріс құру, базалық және индустриялды инфрақұрылым салу, өндірушілерді ынталандырудың жаңа тәсілдерін енгізу, жаңа индустриалды жобаларды жаппай іске қосу, еңбек өнімділігін арттыруға бағыт алған өнеркәсіптің одан әрі сапалы дамуы негізінің пайда болуы.  Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ЖІӨ-нің нақты 35,6% болды (жоспардағы 38,4%),  өңдеу өнеркәсібі озыңқы қарқынмен өсе бастады (өңдеу секторындағы өндірісте ҚҚК, немесе қаржылық  қамтамасыз ету көздері 22,8%, ал  тау-кен өндіру секторында - 20,4% болды).

Мемлекеттік бағдарлама бұрынғысынша өңдеу секторын ынталандыруға бағытталады. Онда да негізгі күш жалпыжүйелік қолдау шараларына бағытталады, бәсекелестікке ықпал етуді бұрмалайтын шаралардан біртін-біртін біржола бас тартып, еңбек өнімділігін ынталандыруға, шығындарды азайтуға және адам капиталын дамытуға көшу көзделуде.

ҮИИДМБ-ны жүзеге асырудың базалық құралдарының бірі «Өнімділік-2020» бағдарламасы болып табылады. Оны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2011-2014 жж.) кәсіпкерліктің 140 субъектіне жалпы сомасы 27,5 млрд. теңге шығындары қайтарылды. Екінші кезең басталғаннан бері 8 кәсіпорын энергоаудит өткізгені, кадрларды оқытқаны, шетелдік мамандарды тартқаны және т.б. жұмсаған өз шығындарын қайтарып алды. 10 өңірдің 49 кәсіпкерлік субъекті қолдау құралдарын алу мақсатында ұсынымдар әзірлеуде немесе енгізіп қойды.  Онда да Бағдарлама операторларына ұсыным берген күннен бұрынғы 6-12 ай кезеңінде болған ескі шығындары өтінушіге 15 жұмыс күннің ішінде қайтарылады.  Қазіргі уақытта ҚР ИДМ «КИРИ» АҚ-мен бірлесе отырып, Бағдарламаны жаға қолдау құралдарымен және оларды ұсыну үдерісін одан әрі жеңілдету жөніндегі толықтыру туралы шаралар пакетін әзірлеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін