Елбасы Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық және Инновациялық қор сынды даму институттарының жалпы капитал қоры 1 млрд. доллардан асқанынын еске салды. «Бүгінде олар 2,5 млрд. доллардың 116 жобасын жинап отыр. Оның 75-і жүзеге асырылуда»,- деді президент.
«Осындай бағытқа ден қоюдың арқасында биыл тұңғыш рет шикізат ресурстарына салынған инвестиция ауқымы 43 процентке, ал өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция ауқымы 78 процентке өсті»,- деді мемлекет басшысы. Елбасы сонымен бірге қазақстандық компаниялар биыл құрал-жабдықтарды импорттауға былтырғыдан 45 процент артық қаржы жұмсағанын хабарлады.
«Демек, елімізде шикізат секторынан өңдеу өнеркәсібіне, машина жасау саласына түбегейлі бетбұрыс жасалды. Бұл — аса күрделі іс»,- деді мемлекет басшысы.