Қазақстан экономикасындағы Қытай экспансиясы туралы сөз шындыққа сәйкес келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикасындағы Қытай экспансиясы туралы сөз шындыққа сәйкес келмейді

Қазақстан экономикасындағы Қытай экспансиясы туралы сөз шындыққа сәйкес келмейді

Қазақстан экономикасындағы Қытай экспансиясы туралы сөз шындыққа сәйкес келмейді, деп мәлім етті ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

  • 15 Шiлде 2011
  • 977
Фото - Caravan.kz

«Қоғамға белгісіз ешқандай құпия бағдарламаның (Қытайдың ҚР-дағы инвестициялары бойынша — ҚазТАГ), жерді қытайлық компанияларға беру буралы ешқандай бағдарламаның жоқ екені туралы жауапкершілікпен мәлімдеймін… заң бойынша мұны жасау мүмкін емес. Бұл – принципиалды ұстаным және ол өзгермейді», — деді К. Мәсімов жұма күні zakon.kz сайтындағы онлайн-конференцияда пайдаланушылардың сұрақтарына жауап бере отырып.

Үкімет басшысы бұл тақырыптың бұрыннан көтеріліп, оған саяси мән беріліп келгенін және ол біреулерге тиімді болуы мүмкін деген болжам айтты.

«Қазақстан — өзінің ұлттық мүдделері, ұлттық бизнесінің мүдделері бар тәуелсіз мемлекет», — деді К. Мәсімов.

«Біз әлемдік экономикадан тыс өмір сүре аламыз ба? Әрине, жоқ. Сондықтан да біз сауданы дамыту, инвестицияларды тарту бойынша көпвекторлы саясат жүргізуге тиіспіз», — деді премьер.

Оның айтуынша, ҚР-дағы ең ірі инвестор — АҚШ, ең ірі сауда әріптесі — Еуропа одағы. «Қытай да маңызды орын алады, бірақ біз бәрін тең ұстауға тиіспіз және бірінші кезекте, ДСҰ, КО және т.с.с. нормалары бойынша қазақстандық бизнеспен ықпалдастық призмасы арқылы өтуге тиіспіз», — деді ол.