Қазақстан экономикасының 2005-2007-жылдардағы даму бағытының базалық болжамына жүгінсек, Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 7-8 процентті құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикасының 2005-2007-жылдардағы даму бағытының базалық болжамына жүгінсек,  Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 7-8 процентті құрайды

Қазақстан экономикасының 2005-2007-жылдардағы даму бағытының базалық болжамына жүгінсек, Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 7-8 процентті құрайды

Қазақстан экономикасының 2005-2007-жылдардағы даму бағытының базалық болжамына жүгінсек, Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 7-8 процентті құрайды. Бұл туралы бүгін, 13-ақпанда Астанада еліміздің 2005-2007-жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жасауға бағытталған республикалық кеңесте ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Бахыт Сұлтанов хабарлады.

  • 13 Ақпан 2004
  • 462
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы, жалпы өзгеру ықтималдығы бар амплитуданың орта шенінде, басқаша айтқанда, әрбір баррелі үшін 24-26 доллар шамасында тұрақтайды» деген болжам еліміздің экономикалық дамуы осындай бағытта өрбуі мүмкіндігін бағамдауға негіз болып отыр.

Вице-министрдің айтуынша, бағаның күрт төмендеу сценарийі бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы ең төменгі шекке таяу, немесе бір баррелі үшін 17-18 доллар шамасында болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Жалпы Ішкі Өнімнің өсу қарқыны орта есеппен 3-4 процент деңгейінде болмақ.
Ал бағаның жоғары болу ықтималдығы бойынша әлемдік нарықтағы мұнай бір баррель үшін 30 долларға немесе одан да жоғары бағалануы мүмкін. Ондай жағдайда Жалпы Ішкі Өнімнің өсу қарқыны орта есеппен 9-10 процент деңгейінде болмақ,- деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар